Logo
Іздеу
Айдарлар

Журналист Гүлмира Әбіқай "атыраулық хакер" жайлы тың деректі айтты

/
Журналист Гүлмира Әбіқай "атыраулық хакер" жайлы тың деректі айтты
Коллаж: turkystan.kz

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай YouTube желісіндегі "Алаш Орда" арнасына берген сұхбатында Атырау облысында үлкен резонанс тудырған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің айтуынша, қайғылы жағдайға байланысты видео жариялаған "Атырау хакер" атты аккаунттың иесі онымен жеке байланысқа шыққан.

«Дәл сол видеоны әлеуметтік желіге жариялағаным сол еді, маған жүздеген адам хат жазды. Олар «Ойбай, әпке, сізді құрметті журналист ретінде сыйлайтын едік, кімді салып жатырсыз? Оның кім екенін білесіз бе?» дейді.

…Сол сәтте маған Коста-Рикадан шетелдік нөмір арқылы «Сәлеметсіз бе, бұл мен – «Атырау хакермін» деп жазды. Әңгімеміз қаңтардың 4-і күні болды. Даусы жас баланікі сияқты.

«Сіз мені әлеуметтік желіге салыпсыз. Мен туралы дезинформация тарап жатыр, жұрт мені жаман ойлап қалуы мүмкін» деді. Мен оған: «Ал сіз қандай жақсылық жасадыңыз? Мына чаттағы ондаған адам өтірік айтып отыр деп ойлайсыз ба? Бір-екі адам болса бір жөн», – дедім.

Ол «Мен сізге дәлелдерімді жіберемін» дегенде мен: «Маған сіздің дәлелдеріңіз қажет емес. Менің сіз туралы жазу немесе айту жоспарым жоқ. Қазір маған керегі – осы оқиғаның мән-жайын білу ғана», – деп жауап бердім. Жас бала «Қазір мен шетелде қашып жүрмін, басқа жақтан хабарласып тұрмын» деді. Болған жайттың бәрін айтпай-ақ қояйын. Бірақ оның телефон нөмірі менде бар, байланыстамыз. Кейін оның үстінен алаяқтық бабы бойынша төрт қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат шықты.

Содан бері 3–4 күн өтті. Егер оған шынымен халықаралық іздеу жарияланған болса, полиция менен телефон нөмірін сұрар еді. Бірақ ешкім хабарласқан жоқ. «Мен не істеймін? Біреудің нөмірін алып, өзім жүгіріп бармаймын ғой», – деді Гүлмира Әбіқай.