Logo
Іздеу
Айдарлар

20 қаңтарда Қызылордада Ұлттық құрылтай отырысы өтеді

/
20 қаңтарда Қызылордада Ұлттық құрылтай отырысы өтеді
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау мәселесіне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кеңес барысында Мемлекет басшысына жұмыс тобы мүшелері мен қоғам тарапынан түскен конституциялық реформаға қатысты жаңа ұсыныстар таныстырылды. Президент барлық пікірді ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ жиында Қызылорда қаласында өтетін Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысына дайындық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы іс-шараның өтетін күнін — 20 қаңтарды бекітіп, оны ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты тапсырмалар берді.