Logo
Іздеу
Айдарлар

Жангелдинде жұмбақ жағдайда жоғалған жанұяға қатысты қазір не белгілі?

/
Жангелдинде жұмбақ жағдайда жоғалған жанұяға қатысты қазір не белгілі?
ашық дереккөзден

Атырау облысы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген ер адам мен марқұмдардың 30 жастағы кенже қызына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс бойынша негізгі күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Қазіргі таңда бұл іске өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқа да тексеріліп жатыр.

Құқық қорғау органдары іздеуде жүрген әйелдің күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева екенін растады. Ол – қаза тапқан отбасының қызы және іс аясында "хабар-ошарсыз кеткен" ретінде тіркелген.

"Халықаралық іздеудің нақты қай бағытта жүргізіліп жатқанын айта алмаймыз. Себебі күдіктілерге жетуі мүмкін кез келген ақпарат тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі ықтимал. Халықаралық іздеу әлемнің барлық елінде жүргізілетінін еске саламыз", — деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Сонымен қатар, өлтірілген ерлі-зайыптының 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиевті іздеу жұмыстары жалғасуда. Оның ұялы телефоны 6 қаңтардан бері сөндірулі. Бұған қоса, отбасының 35 жастағы үлкен қызы Мейрамгүл Қарабалина да әлі табылған жоқ.