Logo
Іздеу
Айдарлар

Украинадан ЕО-ға бас сауғалаған босқындар саны 4,33 млн-ға жетті

/
Украинадан ЕО-ға бас сауғалаған босқындар саны 4,33 млн-ға жетті
Сурет: ашық дереккөзден

Еуроодақта уақытша қорғау мәртебесін алған Украинадан келген босқындар саны қараша айының соңына қарай 4,33 млн адамды құрады. Мұндай деректі Еуростат жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қараша айының өзінде ЕО елдеріндегі украиналық босқындар саны шамамен 30 мың адамға артқан.

Босқындардың жартысынан көбін Германия (1 241 000 адам) мен Польша (968 750 адам) қабылдаған. Одан кейін Чехия тұр — бұл елде 392 670 украиналық бар. Чехия «халық санына шаққанда» ең көп босқынды қабылдаған мемлекет саналады: әр 28 тұрғынға бір босқыннан келеді.

Еуростат деректеріне кірмейтін, Еуроодақ құрамынан шыққан Ұлыбритания шамамен 230 мың украиналықты қабылдаған.

Еуростаттың атап өтуінше, Украина билігінің тамыз айында 18–22 жас аралығындағы жастарға елден еркін шығуға рұқсат беру туралы шешімінен кейін қыркүйек-қазан айларында ЕО-да уақытша қорғау мәртебесін алғандар саны ай сайын ондаған мың адамға күрт артқан. Ал қарашада бұл көрсеткіш бұрынғы деңгейіне қайта түскен.