Logo
Іздеу
Айдарлар

«Байсат» базары тағы да сатылымға шығарылды

/
«Байсат» базары тағы да сатылымға шығарылды
Сурет: e-auction.e-qazyna.kz

Назарбаевтың жиеніне тиесілі болған базардың бағасы екі миллиардқа арзандады, актив үшінші рет саудаға шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желтоқсан айының соңына жоспарланған аукцион нәтижесіз аяқталды. Активке қызығушылық танытқан сатып алушы табылмады.

Ережеге сәйкес, бағаны тағы да төмендетуге тура келді. Қазір қаланың ең ірі базарларының біріндегі үлес 24,7 млрд теңгеге сатылып жатыр. 2025 жылдың желтоқсанында бұл үлес үшін шамамен 26,7 млрд теңге сұралған, ал қарашада баға 28 млрд теңге болған.

Жаңа электронды аукцион 2026 жылғы 5 ақпанға белгіленді. Бұл жолы үлесті біреу сатып ала ма, жоқ па — уақыт көрсетеді.

«Байсат» базары мемлекетке қайтарылған активтер тізіміне кіреді. Бұған дейін ол Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған. 2024 жылы ол мемлекетке жүздеген миллиард теңгеге бағаланатын мүлік пен бизнес-активтерді өткізген.

Тізімде жылжымайтын мүлік, автокөліктер, бизнес-орталықтар, сағаттар мен сирек кездесетін монеталар бар.