Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейдегі «Северсталь» өнеркәсіп алаңында екі қазақстандық өлі күйінде табылды

/
Ресейдегі «Северсталь» өнеркәсіп алаңында екі қазақстандық өлі күйінде табылды
Сурет: severstal.com

Ресейдегі «Северсталь» компаниясының Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіп алаңында екі қазақстандық өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«14 қаңтарда ЧерМК өнеркәсіп алаңының аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері — Қазақстан азаматтары өмір белгілерінсіз табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергелуде, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Біз қызметкерлердің жақындарына терең қайғырып көңіл айтамыз», — делінген «Северсталь» компаниясының мәлімдемесінде.

Ресейлік ТАСС агенттігінің мәліметінше, «оқиға орнында жедел-тергеу тобы да жұмыс істеп жатыр».

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Ресей Тергеу комитетінің тергеу басқармасы.