Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жаныңыз жәннатта болсын": Орны толмас қаза! Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы көз жұмды

/
"Жаныңыз жәннатта болсын": Орны толмас қаза! Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы көз жұмды
ашық дереккөзден

Қазақ КСР Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болған Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы, көрнекті ғалым-биолог Рауза Қонаева 92 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаралы хабарды Д. А. Қонаев атындағы Халықаралық қор растады.

Рауза Минлиахмедқызы Қонаева 1934 жылғы 10 сәуірде Алматы облысындағы Шілік ауылында дүниеге келген. Ол Минлиахмед пен Зауре Қонаевтардың он бірінші, яғни кенже перзенті. Үлкен бауырларымен арадағы жас айырмашылығы айтарлықтай болған: үлкен әпкесі Амина одан 27 жас үлкен, ал ағасы Аскар Минлиахмедұлы бес жасқа үлкен еді.

Марқұм Алматы қаласындағы №28, №10 және №36 мектептерде білім алып, 1952 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы оны табысты тәмамдаған.

1957 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Ғылым академиясы жүйесінде еңбек еткен. Атап айтқанда, Биохимия институтында (1957-1983) және Молекулалық биология және биохимия институтында (1983-2016) ғылыми қызмет атқарды. Оның еңбектері Қазақстаннан тыс елдерге де кеңінен танылған.

Рауза Минлиахмедқызы биология ғылымындағы ірі ғалым ғана емес, жоғары зиялылығымен, қарапайым мінезімен, адамдарға деген ілтипаты және ізгі қарым-қатынасымен ерекшеленген тұлға ретінде ел жадында қалды. Ол белгілі заңгер Мұрат Баймахановтың жары болған.

Марқұмның қызы Дина Баймаханова – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.