Logo
Іздеу
Айдарлар

15 жылқы тиелген жүк көлігі отқа оранды

/
15 жылқы тиелген жүк көлігі отқа оранды
Сурет: ТЖД

Павлодар облысында тас жолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдай 17 қаңтар күні Қалқаман кентіне жақын маңда тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүк көлігі мен ағаш тіркемеден бір мезетте өрт шыққан. Ішінде 15 бас жылқы болған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімшелері қызыл жалынды жедел ауыздықтап, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында адамдар да, жануарлар да зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар техникалық ақау немесе қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілер мен тасымалдаушыларды жол үстіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Тексеру нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.