Logo
Іздеу
Айдарлар

Баласын батареяға байлап қойып, аяусыз ұрған әйел қамалды

/
Баласын батареяға байлап қойып, аяусыз ұрған әйел қамалды
Сурет: видеодан скрин

Жаркент тұрғыны өз баласын батареяға байлап қойып, аяусыз соққыға жыққан. Әлеуметтік желілерде кішкентай балаға жасалған қорлық бейнеленген кадрлар тарап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Панфилов ауданының полициясы тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғады. 28 жастағы әйел полиция бөліміне жеткізілді, қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және барлық мән-жайлар анықталғанға дейін балалар уақытша Отбасын қолдау орталығына орналастырылды.

Қорғаншылық органдарына әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау үшін тиісті материалдар жолданған.

«Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», — деп хабарлады Жетісу облыстық ПД өкілдері.