Logo
Іздеу
Айдарлар

"Баланың сыртынан жауып, қонаққа кеткен": Солтүстік Қазақстанда 5 жасар қыз қайтыс болды

/
"Баланың сыртынан жауып, қонаққа кеткен": Солтүстік Қазақстанда 5 жасар қыз қайтыс болды
ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға тіркелді: өрт салдарынан бес жасар қыз бала қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

18 қаңтар күні кешкі уақытта Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылында екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққан. Апат кезінде үй ішінде жалғыз қалған бес жасар қыз көз жұмды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 33 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам пеш жағып, қонаққа кеткен. Баланы үйде қалдырып, есікті сыртынан құлыптап кеткені анықталды. Көршілердің айтуынша, бүлдіршінді жалғыз қалдыру бұл отбасыда бұрын да жиі кездескен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үй толықтай отқа оранып, шатырдың бір бөлігі опырылып түскен. Өртті ауыздықтауға 35 құтқарушы мен 11 техника жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тұрғындар пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған. Құтқарушылар үй ішінен баланың күйіп кеткен мәйітін тапты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полиция қаза тапқан баланың анасына қатысты да жауапкершілік мәселесін қарастырып жатыр. Өрт салдарынан көршілес пәтерде тұрған отбасы да баспанасыз қалды.