Logo
Іздеу
Айдарлар

Бестөбедегі шахтада алтын іздеуші қаза тапты

/
Бестөбедегі шахтада алтын іздеуші қаза тапты
Сурет: pexels

Ақмола облысындағы Бестөбе кентіндегі «Қазақалтын» кәсіпорнына қарасты «Новая» шахтасында Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол шахта аумағына заңсыз кірген. Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешкісін болған.

Полицияның мәліметінше, шахтаның 610-горизонтынан мәйіт табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан азаматтың жұмыссыз екені анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі (күзетілетін объектіге заңсыз кіру, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша жүргізілуде.