Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі іске қосылғаннан бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл дерек аталған сервистің өзектілігін және теміржол көлігін қолайлы қатынас құралы ретінде таңдайтын әйелдер арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта әйелдер вагондары төмендегі 12 бағытта қатынайды:
• №77/78 «Алматы – Маңғыстау»,
• №351/352 «Алматы – Маңғыстау»,
• №45/46 «Павлодар – Түркістан»,
• №37/38 «Маңғыстау – Семей»,
• №47/48 «Атырау – Астана»,
• №33/34 «Ақтөбе – Алматы»,
• №4/3 «Астана – Алматы»,
• №71/72 «Астана – Шымкент»,
• №354/353 «Астана – Семей»,
• №24/23 «Ақтөбе – Алматы»,
• №25/26 «Алматы – Шымкент»,
• №614/613 «Орал – Маңғыстау».
Аталған вагондарға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Сонымен қатар, бұл вагондарда әйел жолсеріктер ғана қызмет көрсетеді. Әйел жолаушылармен бірге жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі.