Мәжіліс депутаты Азат Перуашев 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтай отырысынан кейін кулуарда бірпалаталы Парламент – Құрылтай құру бойынша жоспарланған өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мәжілісмен депутаттардың аталған Парламентке алдағы сайлауға дайын екеніне сенім білдірді, деп жазды Zakon.kz.
«Егер Конституция қабылданса, бұған үлкен үміт артамыз, бірпалаталы Парламентке сайлау өтеді. Біз оған дайынбыз», – деді Перуашев.
Журналистер депутаттан референдумның шамамен қай уақытта өтетінін сұрап, оның биылғы жылы ұйымдастырылу мүмкіндігін алға тартты.
«Президент вице-президент лауазымын енгізуге және Халық кеңесін құруға қатысты бірқатар мәселені айтты. Бұл – Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің құқықтық блогы үшін жаңа міндеттер, сондықтан дайындық барысына қарай көреміз. Нақты уақытын айтуға жүрексінемін, бірақ күте тұрайық. Әрине, өзгерістер жарияланғаннан кейін оларды созбаққа салудың қажеті жоқ», – деп толықтырды Перуашев.
Бұған дейін Қызылордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай басталғанын хабарлаған болатынбыз. Жиында жаңа бірпалаталы Парламенттің «Құрылтай» деп аталатыны белгілі болды.