Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстандағы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері қандай?

/
Қазақстандағы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері қандай?
Сурет: ЖИ

23 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы мөлшерлеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство өкілдері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің 10%-ға артқанын тағы бір мәрте еске салды.

«Бүгінгі таңда базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы). Ал ең жоғарғы мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайып, 60 005 теңгеге жетті», — делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай жеке тағайындалады.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне не кіреді?

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ынтымақты (солидарлы) жүйеде жинақталған еңбек өтілі;

Міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер.