Logo
Іздеу
Айдарлар

2025 жылғы ең тиімді және тиімсіз әкімдіктер

/
2025 жылғы ең тиімді және тиімсіз әкімдіктер
Сурет: pexels

Finprom сарапшылары қоғамдық мониторинг есебіне сүйене отырып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік және нәтижесі төмен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) орташа бағасы 4,86 балды құраған. Бұл — өте жоғары көрсеткіш.

Халықтың әкімдіктер қызметіне толық қанағаттану деңгейі 86,7%-ға жетті. Бұл екі көрсеткіш те өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

«Өңірлер бойынша алсақ, еліміздегі 20 аймақтың 17-сі жоғары бағаға (4,80-нен 4,93 балға дейін) ие болды. Қалған үш өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы орта деңгейден жоғары деп бағаланды», — делінген есепте.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы үздіктер:

Қарағанды облысының әкімдігі — көш бастап тұр (4,93 балл, қанағаттану деңгейі — 93,8%).

Ақмола облысы — екінші орын (4,93 балл, қанағаттану деңгейі — 92,7%).

Шығыс Қазақстан облысы — үздік үштікті түйіндеді (4,92 балл, қанағаттану деңгейі — 92,6%).

Сондай-ақ, үздік бестікке Шымкент қаласы (4,91 балл) мен Ұлытау облысы (4,9 балл) енді.

Тізімнің соңындағылар: Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау (20-орын), Солтүстік Қазақстан (19-орын) және Қызылорда (18-орын) облыстарына тиесілі. Дегенмен, бұл аймақтардағы қызмет сапасы да «ортадан жоғары» деп танылған.

«Электрондық үкімет» порталындағы онлайн-мониторинг нәтижесі: Порталдағы сауалнама бойынша халық ең жоғары бағаны келесі өңірлерге берді:

Қостанай облысы (4,98 балл);

Шығыс Қазақстан облысы (4,98 балл);

Батыс Қазақстан облысы (4,98 балл).

Ал бұл рейтингте ең төменгі сатыға Алматы қаласы (4,83 балл), Жамбыл (4,85 балл) және Ұлытау (4,85 балл) облыстарының әкімдіктері жайғасты.