Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Қарағандыда Сапиев пен оның орынбасары төбелесті деген ақпарат тарады

Қарағандыда Сапиев пен оның орынбасары төбелесті деген ақпарат тарады
Сурет: gov.kz

Желіде бокстан Олимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сапиев пен оның орынбасары — самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионатының жүлдегері Дәурен Есімхановтың арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы бойынша ұрып-соғу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі ер адамның арасында жанжал шыққаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», — деп жауап берді Қарағанды облысы полиция департаменті.

Алайда, тәртіп сақшылары төбелеске қатысушылардың аты-жөнін нақты атамады. «Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды», — деп түсіндірді құқық қорғау органдары.

Ал @Koza4kov_BOT арнасының жазуынша, Серік Сапиев пен оның орынбасары, джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімхановтың арасындағы жанжал дене жарақатын салумен аяқталған.