Logo
Іздеу
Айдарлар

Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен қуылды

/
Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен қуылды
Сурет: ашық дереккөзден

Қарағандыда мас күйінде көлік басқарған судья Әсел Досаева судьялық лауазымынан айырылды. Бұл туралы Жоғары Сот Кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Жұма күні өткен отырыста Сот қазылар алқасы 10 судьяға қатысты 11 тәртіптік материалды қараған. Тексеріс нәтижесінде 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 4 судья — сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін (үш судьяға ескерту, біреуіне сөгіс жарияланды). 2 судья — судьялық әдеп талаптарын бұзғаны үшін қызметінен босатылды», - делінген хабарламада. 

Қызметінен қуылғандардың бірі — Әсел Досаева. Оның судьялық әдепке жат қылығы, атап айтқанда, көлікті мас күйінде басқаруы осындай қатаң шешім шығаруға негіз болған.

«Кеңес мәліметінше, тағы екі судьяға қатысты тәртіптік іс олардың әрекетінде құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Ал тағы екі судьяның материалы бойынша шешім шығару уақытша кейінге қалдырылған», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Сот қазылар алқасының бұл шешімдері әлі заңды күшіне енген жоқ. Заң бойынша, жазаға тартылған судьялар тәртіптік жазаға қатысты Жоғары Сот Кеңесіне шағым түсіруге құқылы.