Logo
Іздеу
Айдарлар

Бекзат Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың тың бағытын таңдау

/
Бекзат Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың тың бағытын таңдау
Сурет: видеодан скрин

Конституциялық реформалар – әлемдік геосаяси ахуал талаптарын ескере отырып, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы дамудың тың бағытын таңдау. Бұл туралы Конституциялық комиссиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz

Алтынбековтың айтуынша, әрбір өзгерістің өз мазмұны мен маңызы бар. Бұл қадам – сананың жаңғырғанын көрсететін негізгі құбылыс.

«Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайдың V отырысында күн тәртібіне мүлде тың бастамалар көтеріліп, болашақтың жарқын бағдары нақтыланды. Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың тарихи мән-маңызы зор әрі айрықша  жауапты миссиялары табысты аяқталды деп санауға болады. Енді жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын», – деп, тарихи мәлімдеме жасады. Ал, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде мен осы Халық Кеңесінің құқықтық мүмкіндіктері мен қызметі Ата заңымыздың жаңа редакциясында жан-жақты нақтылану керек деп санаймын», – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар Комиссия мүшесі бірқатар ұсыныстарға баса назар аудардып, қолдауын білдірді. Олар – «Қазақстан Республикасының Халық Кеңесі ҚР халқының мүдделерін қорғайтын жоғары консультативтік орган болып табылады» мен «Қазақстан Республикасының Халық Кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарынан жасақталады» деген нормаларға байланысты.

«Ортаға салынған ұсыныстарды қолдаймын. Жаңғыру дәуірінде аса зор тарихи миссияны атқаруға ҚР Халық Кеңесінің қызметі мен өкілеттігі, құқығы мен міндеттері осылайша Ата заңымызда нақтыланған жағдайда ғана оның қызметі баянды да нәтижелі болары сөзсіз. Әзірге менің ұсынысым – осы», – деп аяқтады Алтынбеков.