Logo
Іздеу
Айдарлар

Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар қосылады

/
Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар қосылады
Сурет: ҚТЖ

Үкімет отырысында туристік дестинациялардың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың тез жету мүмкіндігін арттыру жөніндегі шаралар туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әуе қатынасы: биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендерлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Венаға, Римге және Шанхайға рейстерді қосқанда 15 жаңа халықаралық маршрут ашылады.

Теміржол тасымалы: парк 191 жаңа вагонмен толықтырылады. Жазғы кезеңде 13 қосымша маршрут іске қосылады, бұл 400 мың қосымша орынды қамтамасыз етеді.

Автожолдар: Жаңаөзен – Кендірлі және Өскемен – Катонқарағай бағыттарын қоса алғанда, негізгі көрікті жерлерге апаратын 5 мың шақырым жол жөнделуде.

Танымал бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, Алакөл көліне Астанадан, Алматыдан және шығыс өңірлерден 8 қосымша пойыз қосу көзделген. Сонымен қатар, біз жол бойындағы сервисті дамытып жатырмыз: 2026 жылы 50 жаңа нысан салу жоспарлануда. Бұл шараларды жүзеге асыру жол жүру уақытын қысқартады және туристер үшін жайлылықты арттырады, — деп атап өтті министр.