Logo
Іздеу
Айдарлар

Отандық туризмнің басты проблемасы аталды

/
Отандық туризмнің басты проблемасы аталды
Сурет: Рixabay

Бүгінгі Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық туризм саласындағы негізгі мәселелерді атады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрдің айтуынша, негізгі көрсеткіштердің өсу қарқынына қарамастан, салада әлі де шешімін таппаған бірқатар өзекті мәселе бар.

«Ең алдымен, бұл — курорттық аймақтардың инфрақұрылымы. Мемлекет басшысының туристік бағыттарды тиісті қалыпқа келтіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет аппараты мен Президент әкімшілігінің инспекторларымен бірлесіп Бурабай, Баянауыл, Катонқарағай, Балқаш, Қапшағай, Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл, сондай-ақ Маңғыстаудағы Каспий теңізі жағалауына тексеру жүргізілді», – деді Мырзабосынов.

Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарының курорттық аймақтарында сумен жабдықтау және орталық кәріз жүйесі мәселелері әлі шешілмей отыр. Суды пайдалану, оның ішінде ұңғымалар мәселесі де ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе Алакөлдің шығыс жағалауында өте өзекті.

«Алакөл көлі жағалауының екі жағынан да жағаны бекемдеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Мысалы, Абай облысында бірқатар демалыс базалары суға қауіпті деңгейде жақын орналасқан. Осыған байланысты бұл мәселені кешіктіруге болмайды. Сонымен қатар Каспий мен Жетісу облысындағы Алакөлдің жағажай аймақтарында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет», – деп толықтырды министр.