Logo
Іздеу
Айдарлар

Атыраудағы трагедия: күдікті күйеу баланы ауыл тұрғындары танымайды

/
Атыраудағы трагедия: күдікті күйеу баланы ауыл тұрғындары танымайды
politico.kz коллажы

Атырау облысының Жангелдин ауылында жоғалған ерлі-зайыптының өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты жаңа дерек жария болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналист Жанат Жақсыбайқызы "Kursiv.Media" YouTube арнасына берген сұхбатында күдіктінің ауыл тұрғындарына мүлде таныс емес екенін айтты.

"Күдікті ретінде Сұлтан Сәрсемәлиевтің аты аталып жатыр. Алайда сол ауылда оны танитын бірде-бір адам табылмаған. Ол елді мекенге жиі келмеген. Тіпті туыстарының өзі Сұлтанды жақын білмейді. Бұрын бір-екі рет көргенімен, араласып-құраласып жүрмеген", – деді журналист.

Сондай-ақ оның айтуынша, күдіктінің тұрақты жұмысы болмаған.

"Анасының сөзінше, ол әр жерде жалдамалы жұмыс істеген: күзетші болған, жүк тасушы болып та еңбек еткен. Бірақ белгілі бір мекемеде тұрақты қызмет атқармаған сияқты", – деді Жанат Жақсыбайқызы.

Журналист денсаулық сақтау органдарына да сауал жолдағанын жеткізді.

"Жоғалған ерлі-зайыпты қандай да бір медициналық есепте тұрды ма деп сұрағанымда, Ақбаянның психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды", – деді ол.