Logo
Іздеу
Айдарлар

Жамбыл облысында әскери қызметші жарақат алып, көз жұмды

/
Жамбыл облысында әскери қызметші жарақат алып, көз жұмды
freepik.com

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде жарақат алып, көз жұмды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

"ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралмақ.