Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы мемлекеттік архивінде цифрлық трансформация жүруде

/
Алматы мемлекеттік архивінде цифрлық трансформация жүруде
Сурет: Ақорда

Алматы мемлекеттік архиві — елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтайтын негізгі орталықтардың бірі. Бүгінде мұнда 1860–2025 жылдар аралығындағы 1 342 975 сақтау бірлігі бар. Сондай-ақ архив архивтік анықтамалар, көшірмелер мен үзінділер беру қызметін көрсетеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында архив құжаттарды тұрақты түрде цифрландырып келеді. Өткен жылы планетарлық және автоматты кітап сканерлері сатып алынып, тозығы жеткен және стандарттан тыс материалдармен — карталармен, сызбалармен, калька және крафт қағазымен мұқият жұмыс істеуге мүмкіндік туды.

 Биылғы 1 қаңтардағы дерекке сәйкес, 146 529 іс цифрлық форматқа көшірілді. Бұл 20 012 075 парақ.

Архив ұрпақ жадын сақтап қана қоймай, тарихи мұраны қала тұрғындары мен зерттеушілер үшін барынша қолжетімді етіп келеді. Цифрлық трансформация тарихты тірі әрі ашық ақпараттық ресурсқа айналдыруға жол ашып отыр.