Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

33 жылдан кейін: Өзбекстан әліппесін жаңғыртпақ

33 жылдан кейін: Өзбекстан әліппесін жаңғыртпақ
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан латын әліпбиін қайта жаңғыртпақ, жаңа заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өзбекстанда латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді жетілдіруге бағытталған заң жобасы қабылданды. Құжатты елдің Заң шығару палатасы мақұлдап, қарау үшін Сенатқа жолдады.

Жаңа заң жобасына сәйкес, өзбек әліпбиі 28 әріп пен бір апострофтан тұрады. Сондай-ақ қазіргі қолданыстағы кейбір әріп тіркестері өзгертіледі.

Атап айтқанда, Ng әріп тіркесін әліпбиден толық алып тастау ұсынылған. Сонымен қатар O‘, G‘, Sh және Ch таңбаларының жазылу үлгісі жаңартылып, заманауи әрі қолдануға ыңғайлы нұсқаға көшіріледі.

Билік өкілдерінің айтуынша, өзгерістер жазу жүйесін жеңілдетуге, цифрлық технологияларға бейімдеуге және халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған.

Сонымен бірге заң жобасында бұрын берілген ресми құжаттардың күші жойылмайтыны нақты көрсетілген. Азаматтардың төлқұжаттары, дипломдары, куәліктері, ақша белгілері, көше атаулары, маңдайшалар және өзге де ресми материалдар белгіленген өтпелі кезең аяқталғанға дейін жарамды болып қала береді.

Жаңа әліпбиге көшу біртіндеп жүзеге асырылады. Бұл қосымша қаржылық шығындарды азайтып, тұрғындарға қолайсыздық туғызбау мақсатында қолға алынған.

Айта кетейік, Өзбекстан кирилл әліпбиінен латын графикасына көшу туралы шешімді 1993 жылы қабылдаған болатын. Алайда арада 33 жыл өтсе де, елде кирилл мен латын графикасы қатар қолданылып келеді. Жаңа реформа осы үдерісті толық аяқтап, өзбек жазуын біріздендіруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.