Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан экономикасы неге «несие құрсауына» түсті?

/
Қазақстан экономикасы неге «несие құрсауына» түсті?
Сурет: ашық дереккөзден

Осыдан 10 жыл бұрын жалпы несие көлемінің 30%-ы халыққа тиесілі болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 62%-ға жақындаған. "Чёрный лебедь, рак и щука" телеграм арнасы экономиканың «қызып кетуінің» белгілерін тексеріп, Ұлттық банктің бизнес пен халыққа (кәсіпкерлік мақсатқа жатпайтын) берілген несиелер үлесінің динамикасы бойынша деректерді ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

2016  70,4%  29,6%
2017  66,6%  33,4%
2018  61,9%  38,1%
2019  54,3%  45,7%
2020  51,3%  48,7%
2021  45,7%  54,3%
2022  42,2%  57,8%
2023  40,3%  59,7%
2024  38,8%  61,2%
2025  38,4%  61,6%

Банктер жеке тұлғаларды несиелендіруді ұтымды көреді: мұнда табыстылық жоғары, ал тәуекел төмен. Нәтижесінде ЖІӨ өсімі «тұтынушылық көпіршікке» айналып барады. Бұл жағдайдың қауіптілігі сол — өсім тікелей халықтың табысына тәуелді болып қалды.

Пандемиядан кейін несиелер экономикаға қарағанда бір жарым есе жылдам өсе бастаған:

2021 жылдан 2025 жылға дейін ЖІӨ 197 млрд доллардан 300 млрд долларға дейін өсті – бұл +52% көрсеткіш.

Сонымен бірге, несиелер көлемі 42,6 млрд доллардан 78,6 млрд долларға дейін артты – бұл +84% көрсеткіш.

Бұл ретте халыққа берілген несиелер доллармен есептегенде 4 еседен астам өскен.

2016 - $38,08 млрд   
2017 - $38,08 млрд   
2018 - $35,21 млрд     
2019 - $36,12 млрд 
2020 - $34,76 млрд   
2021- $42,61 млрд      
2022 - $48,77 млрд   
2023 - $59,93 млрд   
2024 - $64,97 млрд   
2025 - $78,62 млрд

Халықтың қарызы экономикаға қарағанда екі есе дерлік жылдам өсуде: ЖІӨ 2,2 есе артса, халықтың қарызы 4,3 есеге өскен.

ЖІӨ өсіп жатыр, бірақ бұл өсім бизнесті қаржыландырудың тоқырауы аясында көбіне үй шаруашылықтарының қарызы есебінен орын алуда.