Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымкентте тағы да кісі өлімі: Әйелді күндіз пышақтап кеткен

/
Шымкентте тағы да кісі өлімі: Әйелді күндіз пышақтап кеткен
Сурет: видеодан скрин

Оқиға кеше түс кезінде болған. Ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, жәбірленуші алған жарақатынан сол жерде жан тәсілім етті. Оқиға куәгерлері бірден полиция шақырған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жарты сағаттан соң Қонаев даңғылы мен Терешкова көшесінің қиылысынан бағдар бойынша сипаттамаға сай келетін күдікті байқалды. Тексеру кезінде ер адам полицияға қатты қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшыларына қызметтік қару қолдануға тура келді. Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілді, кейін ол күзетке алынды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушімен арадағы араздық салдарынан оған пышақ жарақатын салған. Ол «ізі суымай» ұсталды», — деп түсініктеме берді Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары кісі өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.