Logo
Іздеу
Айдарлар

Артында 7 баласы қалды: Жаңаөзенде күйеуі 44 жастағы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

/
Артында 7 баласы қалды: Жаңаөзенде күйеуі 44 жастағы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
ашық дереккөзден

Жаңаөзенде әйел өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмған. Оқиғаға байланысты марқұмның күйеуі күдікті ретінде қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құзырлы органның алдын ала дерегіне сәйкес, қайғылы жағдай отбасылық-тұрмыстық жанжал салдарынан орын алған.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция өкілі.

Ал Lada.kz дерегінше, марқұмның артында жеті баласы қалған, олардың бесеуі кәмелетке толмаған.