Logo
Іздеу
Айдарлар

«Богатырь Көмір» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза тапты

/
«Богатырь Көмір» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза тапты
Сурет: ЖИ

«Богатырь Көмір» кәсіпорнында қайғылы жағдай қайталанды. Төтенше оқиға 28 қаңтар күні «Молодежная» станциясында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Су себу қондырғысына дизель отынын құю кезінде жұмысшы ауыр жарақат алды. Ол дереу Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Кәсіпорын оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында құзырлы органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады серіктестіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл аталған кәсіпорындағы бірінші жағдай емес. 2025 жылдың қараша айында ғана мұнда 30 жастағы электрослесарь қаза тапқан болатын. Ол экскаваторды желіге қосу кезінде тоқ соғып, оқиға орнында тіл тартпай кеткен еді.