Logo
Іздеу
Айдарлар

Дәулет Мұқаев "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша қуанышты жаңалықты жариялады

/
Дәулет Мұқаев "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша қуанышты жаңалықты жариялады
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Дәулет Мұқаев

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті қуантатын ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.

Халық қалаулысының айтуынша, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың инвестициялық табысы бойынша еліміздегі әрбір балаға 130,71 АҚШ доллары көлемінде қаражат аударылған.

"Сүйінші! "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында әр балаға 130,71 доллардан аударылды. 2025 жылғы инвестициялық табыстың қорытындысына сай, "Ұлттық қор –балаларға" бағдарламасы аясында еліміздегі 6,9 миллионнан астам балаға $130,71 мөлшерінде қаражат түсті. Бағдарлама шартына сәйкес қаражат 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Ақшаны kids.enpf.kz сайтынан көре аласыздар. Басқа қосымшаларда әзірге көрсетпеуі мүмкін. Құтты болсын", – деп жазды Дәулет Мұқаев.