Logo
Іздеу
Айдарлар

Шұғыл хабар! Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады

/
Шұғыл хабар! Қазақстан шекарасына жақын маңда ұшақ апатқа ұшырады
ашық дереккөзден

Ресей аумағында, Қазақстан шекарасына жақын жерде ұшақ апаты тіркелді. Орынбор облысы аумағында, Орск қаласының маңында Diamond DA40 үлгісіндегі оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған үш адам да қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиғаны Росавиация ресми түрде растады. Алдын ала мәлімет бойынша, мерт болғандар – 36 жастағы ұшқыш және 20 мен 21 жастағы екі курсант.

SHOT Telegram-арнасының жазуынша, ұшақ ауа ағынынан ажырап, көтергіш күшін жоғалтқан. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай әуе кемесі техникалық тұрғыдан жарамды болғанның өзінде де орын алуы ықтимал.

Сарапшылардың түсіндіруінше, мұндай жағдайда ұшақ әуеде тұрақтылығын жоғалтып, басқару қиындайды әрі қозғалыс барысында діріл байқалады. Әдетте мұндай аэродинамикалық қозғалыс пилоттау қателігімен және төмен биіктікте ұшумен байланысты болады.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері анықталып жатыр, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.