Logo
Іздеу
Айдарлар

Уфада тоғызыншы сынып оқушысы мектепке қарумен шабуыл жасады

/
Уфада тоғызыншы сынып оқушысы мектепке қарумен шабуыл жасады
Сурет: ашық дереккөзден

Уфада тоғызыншы сынып оқушысы травматикалық қарумен мектепке шабуыл жасады. БАҚ өкілдерінің жазуынша, ол тарих пәні мұғалімімен бұған дейін жанжалдасқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Уфа қаласындағы №16 гимназияның 9-сынып оқушысы мектепке пластиктен жасалған пневматикалық автоматпен келіп, оқушылар мен мұғалімге шабуыл жасады, деп жазды Ufa1 басылымы.

Башқұртстан Ішкі істер министрлігі оқиға туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 11-де түскенін хабарлады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімді ұстады.

«Ол мұғалім мен үш сыныптасына қарата бірнеше рет оқ атып, петарда жарып жіберген», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

РЕН ТВ арнасы оқиғаның видеосын жариялады. Кадрлардан жасөспірімнің оқушы қызға қару кезеп, «Кет бұл жерден» деп айтқанын көруге болады. Видео түсіріп тұрған бойжеткен дереу есікті жауып үлгерген.

Башқұртстан басшысы Радий Хабиров шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Алайда «Осторожно, новости» басылымының дерегінше, шабуылдаушының тарих пәнінен берген мұғалімі Тимур С. зардап шеккен. Оқушы мен ұстаз арасында бұрыннан жанжал болған: жасөспірім сабақтардан жазбалар жариялап, «Тимур Венерович мүлдем есінен ауысқан» деп жазған, деп хабарлайды басылым.

Аймақтық Тергеу комитеті «салғырттық» және басқа да баптар бойынша қылмыстық істер қозғады.