Америка Құрама Штаттарына жасаған сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Өкілдер палатасының Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Брайан Мастпен және сенатор Стив Дэйнспен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тараптар қазақ-американ ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты күн тәртібінің негізгі басымдықтарына сәйкес сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, саяси диалогты дамытуға және парламентаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі ел арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, бірлескен бастамаларды ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде заң шығарушы органдар арасындағы байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Конгрессмен Б.Мастпен өткен кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың оң динамикасын жоғары бағалап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бастамаларды одан әрі қолдау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Атап айтқанда, аса маңызды минералдар бойынша жобалар қамтылды. Бұған қоса, биыл наурызда АҚШ конгрессмендері делегациясының Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше көңіл бөлінді.
Сенатор С.Дэйнс өз кезегінде Қазақстанның салмақты әрі сындарлы сыртқы саяси бағытын атап өтіп, екіжақты іскерлік байланыстарды кеңейту үшін АҚШ Конгресінде қолайлы заңнамалық жағдайлар қалыптастырудың маңыздылығын, соның ішінде тұрақты қалыпты сауда қатынастары режимін енгізу арқылы қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өтті. Ол Джексон-Вэник түзетуін алып тастауға бағытталған қажетті заңнамалық шешімдерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Кездесулер қорытындысы бойынша Министр америкалық заң шығарушыларды Қазақстанға келіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын практикалық тұрғыда талқылауға шақырды.