Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев білім саласындағы маңызды заңға қол қойды

/
Тоқаев білім саласындағы маңызды заңға қол қойды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы жоғары білім саласындағы біліктіліктерді тануға қатысты Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аталған заң Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға, студенттер мен мамандардың академиялық әрі кәсіби ұтқырлығын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің білім беру жүйелерінің интеграциясын тереңдетуге ықпал етеді. Сонымен қатар дипломдар, ғылыми дәрежелер мен өзге де біліктіліктерді тану рәсімі едәуір жеңілдейді.

Конвенция қазақстандық жоғары оқу орындары үшін білім беру қызметтерін экспорттаудың жаңа нарықтарын ашуды да көздейді. Бұл өз кезегінде заманауи білім беру тәжірибелері мен оқыту технологияларын трансферлеуге мүмкіндік береді.