3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне суыт хабар түсті: қаланың сол жағалауындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алғашқы іс-шаралар барысында полицейлер үй жағдайында босанған 20 жастағы бойжеткенді анықтады. Оның айтуынша, бала өлі туылған.
Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде нәрестенің денесін контейнерге тастап кеткен қала тұрғыны анықталды.
Абай облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Нәрестенің денесі сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.