Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бүгінге шамамен 79 ұшу және 78 қону рейсі жоспарланған. Қазіргі уақытта 10 рейс келу бойынша, ал 2 рейс ұшу бойынша кешігіп жатыр. Барлық кешігулердің себебі — ауа райының қолайсыздығы.
Жолаушылардан рейстерінің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылауды және әуежай сайтындағы жаңартуларды бақылап отыруды сұрайды.
Осы күндері синоптиктер қар жауып, боран соғатынын, сондай-ақ көктайғақ, тұман және қатты жел болатынын болжап отыр.