Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейден қуып жіберген әзілкеш Нұрлан Сабуров Қазақстанға келді

/
Ресейден қуып жіберген әзілкеш Нұрлан Сабуров Қазақстанға келді
ашық дереккөзден

Әзілкеш Нұрлан Сабуров таңертең ерте Мәскеуден Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматы әуежайына қонған ұшақ жергілікті уақытпен 04:50-де қонды. Әуежай қызметкерлері журналистерге әзілкештің келу сәтін фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

Нұрлан Сабуров баспасөз өкілдеріне ешқандай пікір білдірмей, бірнеше адамның сүйемелдеуімен әуежай ғимаратынан жедел шығып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, Нұрлан Сабуров көпшіліктің назарынан қашуға тырысып, әуежай аумағынан тез арада кетіп қалған.

Мәскеуде не болды?

Бұған дейін Сабуровқа Мәскеуге келген бойда Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Ресейлік БАҚ дерегінше, бұл шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған.

Алайда аталған жағдайға байланысты Ресейдің ресми органдары да, Нұрлан Сабуровтың өзі де, оның өкілдері де әзірге ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.