Logo
Іздеу
Айдарлар

Нұрлан Сабыров Ресейден кеткеннен кейін алғаш рет пікір білдірді

/
Нұрлан Сабыров Ресейден кеткеннен кейін алғаш рет пікір білдірді
Сурет: видеодан скрин

Танымал стендап-комик Нұрлан Сабыров өзінің Ресейге кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпаратқа қатысты алғаш рет ашық мәлімдеме жасады. Әртістің айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сабыров тиісті мәлімдемесін жексенбі, 8 ақпан күні Instagram-дағы сторис бөлімінде жариялады. Комик іс толық аяқталмайынша, егжей-тегжейлі пікір білдірмейтінін баса айтты.

«Қалыптасқан жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме бермеймін. Заңгерлер бар, олар өз деңгейінде барлық құзырлы органдармен мәселені шешуге тырысады. Уақыт бәрін өз орнына қояды», — деп жазды ол.

Сонымен қатар, Сабвров өзінің шығармашылық жолы мен кәсіби тұрғыда қалыптасуындағы Ресейдің рөліне жеке тоқталып өтті. Әртістің сөзінше, оның стендап-комедиядағы жолы осыдан 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасқан.

«Осы жылдар ішінде мен Ресейдің көптеген қаласында болдым, кейбіріне бірнеше рет бардым. Барлық жерде мені жылы шыраймен, достық ниетпен қарсы алды. Шығармашылық тұрғыдан дамуыма мүмкіндік берген, әртіс ретінде қалыптасуыма жағдай жасаған елге алғысым шексіз. Сол жерде жүріп Ресейде де, одан тыс жерлерде де үлкен көпұлтты аудитория жинадым», — деп атап өтті комик.

Үндеуінің соңында Нұрлан Сабыуров өз көрермендеріне алғыс айтып, медиа өкілдерінен жақындарының мазасын алмауды өтінді.

«Журналистерге, блогерлерге және БАҚ өкілдеріне айтар бөлек өтінішім бар: менің отбасымның — жарым мен балаларымның, ата-анам мен жақындарымның жеке өміріне құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Баршаңызға жақсылық тілеймін», — деді ол.

Бұған дейін Ресейдің құқық қорғау органдары жергілікті БАҚ-қа Нұрлан Сабыровтың Ресей аумағына кіруіне 50 жылға тыйым салынғанын растаған болатын. Әртістің өзі бұл мәселе бойынша әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сондай-ақ Сабыровтың Ресейге кіруіне не себепті тыйым салынғаны белгілі болды. Кейінірек бұл оқиғаға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.