Logo
Іздеу
Айдарлар

Сара Назарбаева ауруханадан шықты

/
Сара Назарбаева ауруханадан шықты
Сурет: ашық дереккөзден

Сара Назарбаева Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Медициналық мекеме науқастың емдеу курсын аяқтап, 2026 жылдың қаңтарында дәрігерлердің амбулаторлық бақылауымен стационардан кеткенін хабарлады, деп жазды Tengrinews.kz.

«Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге ақпарат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жария етуге жатпайды», – деп толықтырды Совминка өкілдері.

Еске сала кетейік, Сара Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат 2025 жылғы 5 мамырда пайда болған еді. Ол кезде оның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын.

Госпитализациядан кейін бірнеше күн өткен соң әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ресми дереккөздер бұл мәліметті жоққа шығарып, оны фейк деп атады.

2025 жылдың қазанында Тұңғыш Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуір айынан бері Ұлттық госпитальда емделіп жатқанын хабарлаған еді. Осылайша, елдің бірінші ханымы 9 айға жуық уақыт дәрігерлердің бақылауында болды.