Logo
Іздеу
Айдарлар

"Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана": Ринат Зайыт Конституцияға енгізілген өзгеріс туралы айтты

/
"Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана": Ринат Зайыт Конституцияға енгізілген өзгеріс туралы айтты
parlam.kz

Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайыт Конституцияның жаңа нұсқасында мемлекеттік тілге қатысты енгізілген өзгерістер жөнінде өз көзқарасын білдірді. Бұл туралы Qaz365.kz хабарлады.

Депутаттың айтуынша, қоғамда Конституцияның 9-бабының екінші тармағы қызу талқыланып жатқанымен, көпшілік Мәжіліс пен Ақорда қабырғасында атқарылған нақты жұмыстардан бейхабар қалып отыр.

"Міне, сол тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтініштерін беріп, сол 9-шы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді! Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!" – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Тақырыпқа тұздық ретінде депутат жазбасының соңында мынадай әңгімені мысалға келтіріпті:

Наполеон Бонапарттың бойы бір қарысқа жетпей тұрғанда, бір офицер келіп:

– Генерал, киіміңізді мен ілейін? Сізге қарағанда биіктеуімін ғой, – депті.

Сонда Наполеон:

– Сен биік емессің, ұзынсың, – деген екен.

«Ендеше мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана», – деп түйіндеді Зайыт тілге қатысты ойын.