Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаскөй ішінде адамдары бар мейрамхананы өртеп, есігін құлыптап кеткен

/
Қаскөй ішінде адамдары бар мейрамхананы өртеп, есігін құлыптап кеткен
Сурет: pexels

Бакудің Гарадаг ауданындағы Гобустан кентінде Şeyx Lounge мейрамханасы әдейі өртелген. Оқиға кеше, 9 ақпан күні сағат 23:00 шамасында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметтерге қарағанда, оқиғаға екі адам арасындағы төбелеске ұласқан жанжал себеп болған. Содан кейін олардың бірі нысанға бензин шашып, өрт қойған. Кейін ол келушілер ғимараттан шыға алмауы үшін кіреберіс есікті сыртынан құлыптап кеткен. Қолда бар ақпарат бойынша, өртті Джавид есімді азамат қойған.

Келушілер ас үйдегі артқы есік арқылы шығып, аман қалды.

Оқиға салдарынан бір адамның аяғы күйіп, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта басқа зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Назир Гадирли мен Джахангир Гадировтың басқаруындағы қоғамдық тамақтану орнына 120 000 манат көлемінде шығын келді. Бұдан бөлек, келушілерге келтірілген материалдық шығын 20 мың манаттан асады деп бағалануда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, елорданың Гарадаг ауданында жалпы ауданы 600 м² құрайтын бір шатырдың астында орналасқан бірқабатты нысандардың (дәмхана, қосалқы бөлшектер дүкені және автошеберхана) ішінде дәмхананың 250 м² аумағында жанғыш конструкциялар өртенген.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері, полиция лейтенанты Эльбрус Ибрагимов әдейі өрт қою фактісін растады. Оның айтуынша, қылмыс жасады деген күдікпен екі адам анықталып, ұсталды.

Тергеу амалдары жалғасуда.