Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада өндірістік альпинист салынып жатқан көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті

/
Астанада өндірістік альпинист салынып жатқан көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті
Сурет: ашық дереккөзден

10 ақпанда елордадағы Бұқар жырау көшесінде өндірістік альпинист тоғызыншы қабаттың биіктігінен құлап түсті. 29 жастағы ер адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құрылыс салушының мәліметінше, альпинист салынып жатқан тұрғын үй кешенінің терезелерін жуып жүрген кезде төбеден сырғып түскен. Алдын ала болжам бойынша, құлау сәтінде сақтандыру арқаны бекітілмеген.

Зардап шеккен азаматқа ота жасалды, қазір ол есін жиды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр, іске еңбек инспекциясы да тартылды.