Жамбыл облысында жолаушылар мінген автобус тайғақ жолда Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Апат Жамбыл ауданының аумағында, облыстық маңызы бар «Саудакент – Тараз» автожолында болған, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Volkswagen жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Автобус жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, Van Hool маркалы автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Жамбыл облыстық полиция департаментінен.