Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы орталығындағы мейрамхананың жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды

/
Алматы орталығындағы мейрамхананың жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды
Сурет: Әкімдік

Қажымұқан көшесі, 37 мекенжайында рұқсат құжаттарынсыз салынған нысан анықталған болатын. Заңбұзушылық жоспардан тыс тексеру барысында белгілі болды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сот қарауына жолданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

2025 жылы 12 тамызда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңсыз жазғы алаңды бұзу туралы талап-арызды толық қанағаттандырды.

Сот шешімін орындау мақсатында нысанды бұзу жұмыстары меншік иесі тарапынан жүзеге асырылды.