Logo
Іздеу
Айдарлар

ЕҚЫҰ жаңа Конституция жобасын дипломатиялық корпусқа таныстырды

/
ЕҚЫҰ жаңа Конституция жобасын дипломатиялық корпусқа таныстырды

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Алексей Рогов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған дипломатиялық корпус өкілдерімен өткен брифингке қатысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесу барысында Конституция жобасының басты бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, адам құқықтары кепілдіктерін күшейту, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нақты бекіту, цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау тетіктерін жетілдіру және халықаралық міндеттемелерді сақтау мәселелері талқыланды.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі өз мандаты аясында реформаларды қолдау және ілгерілету мақсатында Қазақстанның мемлекеттік органдарымен, ұлттық серіктестермен және барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.