Logo
Іздеу
Айдарлар

"Назарбаев заң жазғанда, өзінің Құдайдан кем емес екенін түсінді" – Ол Конституциялық сотты қалай пайдаланды?

/
"Назарбаев заң жазғанда, өзінің Құдайдан кем емес екенін түсінді" – Ол Конституциялық сотты қалай пайдаланды?
ашық дереккөзден

...Сол кездегі депутаттар "Конституциялық сот төрағасы, белгілі заңгер, ғалым Мұрат Баймаханов Назарбаевтың ықпалына түсті. Көрінеу теріс шешім қабылдады. Конституциялық соттың 11 мүшесінің жартысынан көбі Назарбаевтың сойылын соқты" деп санайды. Назарбаев Конституциялық сотты қалай пайдаланды?

"Қалай қаласа, солай пайдаланды. Өзіне қажетті адамдарын орын-орындарына тағайындап қойды", – деді бұрынғы депутат Амалбек Тшанов.

Профессор Мұрат Баймахановты Конституциялық сот төрағалығына 1993 жылы таратылған, Серікболсын Әбділдин басқаратын Жоғары Кеңес бекіткен еді. Оған дейін биліктің құйтұрқылықтарын көрмеген, тек қана ғылыми жұмыстармен шұғылданған ғалым. 

"Ол кісі өте жуас адам. Өзіндік "иә" деген пікірі жоқ. Қалай десе, солай кететін адам ғой... Ол кісі ештеңе көрсете алмады ғой. Әйтпесе оған айтылды да, Жоғары Кеңестің пікірін де естіді. Бірақ солай шешім қабылдады", – деді Амалбек Тшанов.

Сондай-ақ бұрынғы депутат Ғазиз Алдамжаров:

"Назарбаев жұмсақ етіп сөйлей біледі ғой. Маған да: "Ғазизжан, осы мен тірі тұрсам, маған көмектессең, менің қасымда боласың. Менің көтерілгенім – сенің көтерілгенің" деп айтты. Өзі айтты. "Өле-өлгенше менің қасымда туғанымдай боласың. Тек маған көмектес, жақсы дауыс алып бер" деді", – деп түйіндеді Ғазиз Алдамжаров.

Асылхан МАМАШҰЛЫНЫҢ
"Қилы кезең" деректі фильмінің 12-бөлімі.