Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әскерилер мен қарулы топ арасында атыс болды: Қаза тапқандар бар

Әскерилер мен қарулы топ арасында атыс болды: Қаза тапқандар бар
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Мексикада көлік ұрлығы туралы хабарды тексеруге барған әскерилер қарулы шабуылға тап болды. Екі тарап арасындағы атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әскерилер оқиға орнына ұрланған көлікке қатысты мәліметті анықтау үшін барған. Сол кезде қарулы топ оларға оқ жаудырып, екі жақ арасында атыс басталған.

Қаза тапқан екі адам да қарулы топтың мүшелері екені хабарланды. Бұдан бөлек, екі адам жараланып, бір күдікті ұсталған. Жараланғандардың жағдайы туралы қосымша мәлімет берілген жоқ.

Оқиға орнын тексеру кезінде төрт атыс қаруы мен екі граната табылды. Сондай-ақ қолдан брондалған көлік анықталған.

Қарулы топтың “Халисконың жаңа буыны” картелімен байланысы бар екені айтылды. Алайда топ мүшелерінің аты-жөні мен ұсталған күдіктіге қатысты өзге деректер жарияланбаған.