Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда қазақстандық ана мен баланың денесі табылды

Оңтүстік Кореяда қазақстандық ана мен баланың денесі табылды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Оңтүстік Кореяның Чхунбук провинциясында қазақстандық әйел мен оның 20 жастағы ұлының мәйіті табылды. Тергеу кезінде жігіттің телефон алаяқтарына алданып, шамамен 17 миллион теңгесінен айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметке сүйенсек, алаяқтар өздерін прокуратура қызметкерлері ретінде таныстырып, жігіттің есімі қылмыстық істе аталғанын айтқан. Одан кейін мотельге орналасып, жақындарымен байланысын үзуге көндірген. Осылайша оны оқшаулап, криптовалюта сатып алуға және қаражатты өздері көрсеткен электронды әмиянға аударуға мәжбүрлеген.

Тергеу барысында күдіктілердің Алматыда отырып әрекет еткені анықталған. Полиция дерегінше, қылмыстық топ 2026 жылдың наурыз-маусым айларында 100-ден астам адамды алдап, жалпы 5,8 миллиард вон, яғни шамамен 2 миллиард теңгені иемденген.

Шілдеде Қазақстан мен Оңтүстік Корея полициясы бірлескен операция өткізіп, 19 күдіктіні ұстаған. Аталған топ бұған дейін Камбоджа, Таиланд және Вьетнамда да байланыс орталықтарын ұйымдастырғаны хабарланды.

Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Корея тарапы Қазақстанда арнайы полиция бөлімшесін ашу туралы ұсыныс көтерген. Хабарламада бұл мәселе бойынша Корея полициясының өз елінің Сыртқы істер министрлігіне ресми өтініш жолдағаны айтылған.