Logo
Іздеу
Айдарлар

Петропавл қаласындағы НЗМ-де оқушы үшінші қабаттан құлап кетті

/
Петропавл қаласындағы НЗМ-де оқушы үшінші қабаттан құлап кетті
Сурет: pexels

Оқиға 17 ақпан күні кешкісін болған. Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы әзірге белгісіз жағдайда терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазіргі уақытта қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі  өз-өзіне қол жұмсау әрекеті, деп жазды Halyqstan телеграм аранасы.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баланың денсаулығына қатысты пікір білдірді.

«Зардап шеккен баланың II бел омыртқасы III дәрежелі жабық компрессиялық сынығына ұшыраған, сондай-ақ екі өкше сүйегі де ығысусыз жабық сынған. Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр»,  -делінген хабарламада.

Жасөспірім жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

НЗМ басшылығы тексеру жұмыстарын бастады. Әзірге білім басқармасы мен полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.