Logo
Іздеу
Айдарлар

Қоғамдық кеңестер жаңа Конституция жобасын қолдады

/
Қоғамдық кеңестер жаңа Конституция жобасын қолдады

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестер үйлестіру орталығының отырысы өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жиынға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және өңірлік деңгейдегі қоғамдық кеңестер төрағалары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Мемлекеттік саясатты қалыптастыруда азаматтардың қатысу белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ата заң жобасын қолдай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту, сондай-ақ қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарастырды.