Sauda.e-qazyna.kz мәліметтері бойынша, электрондық саудада тәркіленген 2016 жылғы, жасыл түсті «Lamborghini Huracan» автокөлігі сатылды. Бағалаушылардың дерегінше, шетелдік көліктің 2025 жылғы қарашадағы нарықтық құны 114 млн теңгені құраған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Lamborghini сауда-саттықта 66,5 млн теңгеге «кетті». Көліктің қозғалтқыш көлемі – 5,2 литр, беріліс қорабы – автомат және жанармай түрі – бензин. Сондай-ақ құжаттамада автокөліктің техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмірі жоқ екені атап көрсетілген.
Автокөлік қылмыстық іс аясында тәркіленген. Сауда-саттық өткен сәтте ол Алматы облысында болған.